Көлікте сақтауға болмайтын 7 зат
Автокөлікте қалдырып кетуге, сақтауға болмайтын заттар болады. Бірін білсек, бірін ескермейміз. Негізі көлік деген тасымал құралы, ал зат сақтау қоймасы емес. Кейде сақтайтын заттарыңыз денсаулығыңызға қауіп төндіруі де мүмкін. Ол қандай заттар екен? Біле жүрейік.
• Дәрі-дәрмек түрлері Көлікте дәрі қобдишасының болуы заңды. Кез келген уақытта қажет болып қалуы мүмкін. Ал қобдишадан бөлек дәрілерді салонда сақтауға болмайды. Негізінен дәрі-дәрмек түрлері бөлме температурасында сақталады. Жазғы аптап ыстықта дәрінің көлік ішінде болуы - оның дертке қарсы әсерін азайтады. Тіпті денсаулыққа зардабын тигізуі де мүмкін.
• Электронды құрылғылар Қымбат электронды құрылғыларды да көлікке тастап жүре беруге болмайды. Салонда көрініп-ақ тұрған бағалы дүниені көріп, кейбіреулердің ниеті бұзылуы да мүмкін.
• Күннен қорғайтын кремдер Күннен қорғайтын кремдерді ыстық температурада сақтауға болмайды. Жаздың аптап ыстығында тіпті қалдырып кетуге болмайды. Алдымен күннен қорғау әсері төмендейді. Сондай-ақ қатты ыстықтан құтысы ісініп, жарылып төгілуі де мүмкін.
• Бөтелкедегі су Ыстық күндері суды көп ішеміз. Көлікте жүріп те (салон қанша салқын болса да) шөл қысады. Мұндайда бөтелкемен суды бірге алып жүреміз, не сатып аламыз. Кейде сол бөтелкедегі су салонда тұрып жылып-ақ кетеді. Ал мұның денсаулыққа зияны көп. Зерттеулер нәтижесі бойынша, күн қызғанда пластик бөтелкедегі химикаттар суға жайылады екен. Оның әсерінен қатерлі ісік, жүрек ауруының түрлері пайда болатын көрінеді.
• Сөмке, әмиян Көлік салонында сөмке, не әмияныңызды да қалдырмаңыз. Аз уақытқа болса да, айырылып қалуыңыз мүмкін. Ұрылар мұндай сәтті күтеді-ақ.
• Көзілдірік Көлік жүргізгенде күн сәулесінен қорғайтын көзілдірік тағатындар көп. Ал оны түскенде көлік салонындағы панелге қою салуға болмайды. Ыстықтан қызып кетеді. Тіпті аптап ыстық болса, көлік терезесі әсерінен еруі де мүмкін. Сақтықта қорлық жоқ. Көзілдірікті күннен таса орынға қойып шығыңыз.
• Құжаттар Көлікте аса қажетті құжаттарды сақтауға болмайды. Ең бірінші қолды болуы мүмкін. Сондай-ақ бүлініп (жыртылып, бір зат төгіліп) қалуы да ғажап емес. Әсіресе саяхат кезінде жеке құжатыңызды жан қалтаңыздан тастамағаңыз абзал.
massaget.kz