Жапон медицинасы: Саусақтарыңыз жан мен тәнді сауықтыруға көмектеседі
Жапон медицинасы ғасырлар бойы адам ағзасын емдеудегі тиімді балама тәсіл ретінде қалыптасты. Ауырсынуды басу үшін олар ағзаның әртүрлі бөлігімен байланысты сыртқы сезім мүшелері арқылы емдеуге болады деп сенеді. Qamshy.kz ақпарат агенттігі оқырман назарына жапон медицинасының ең танымал тәсілдерінің бірі ішкі ағзаны қол саусақтары арқылы емдеу әдісін ұсынады.
Джин Шин Джитсу (Jin shin Jitsu) — саусақтардың арнайы нүктелерін басу арқылы эмоционалды тепе-теңдікті қалпына келтіретін жапондық емдеу өнерінің көне түрі.
Сауықтыру әсері әрбір саусақты екі ішкі ағза мүшесімен байланысты деген сенімге негізделеді сондай-ақ, физикалық және эмоциялық денсаулықты жақсартады.
Бұл процедураға тек 5 минутыңызды арнап, өзіңізді жайсыз сезінгенде қолданып көріңіз. Ішкі сеніміңіз арқылы оның әсерін бірден байқайсыз. Ол үшін жай ғана белгілі бір ағзамен байланысты саусақты екінші қолмен 3-5 минуттай мықтап қысып тұрыңыз.
Барлық саусақтарыңызға екінші қолмен үш минут бойы терең дем алып, массаж жасаңыз. Мәселен:
Бас бармақ асқазан және көкбауырмен байланысты.
Оған массаж жасау арқылы депрессия мен мазасыздықты жоюға болады. Жалпы ашушаңдық, бас ауруы, асқазан ауырғанда процедураны орындап көрсеңіз болады.
Сұқ саусақ процедурасын
бүйрек пен несеп жолдары ауырғанда жасап көруге болады. Қорыққанда, көңіліңіз қалып, өзіңізді жайсыз сезінгенде эмоциялық тепе-теңдікті қалыпқа келтіреді. Сондай-ақ, массаж жасау арқылы тіс ауырғанды, арқа және бұлшық ет ауруларын жеңілдетуге болады.
Ортаңғы саусақ бауыр және өт жолы жұмысымен байланысты.
5 минут ортаңғы саусақты қысып, терең демалып массаж жасау арқылы ашушаңдық пен мазасыздықтан арылуға болады. Мұндай әдіске жапондықтар қан айналымын, бас ауруы мен шаршағыштықты жоя алады деп сенеді екен.
Қолдың төртінші саусағы аш ішек және тоқ ішекпен тікелей байланысты.
Ас қорытуды жақсартып, астма, тері ауруларын емдеуде жақсы көмектеседі екен. Эмоциялық тұрғыда қайғы-мұңнан арылуға, негативті жоюға себеп болады.
Кішкентай сауқсақты жапондық балама медицинада жүрек және іш құрылыспен байланыстырады.
Сүйек пен буын ауырып, жүрегіңізде ақау болса, тамақ ауырғанда жақсы көмектеседі. Сондай-ақ, мазасыздық, сенімсіздік пен ашушаңдықты жоюда тиімді тәсіл.
Келесі жолы аталған симптомдар мазаласа, осы процедураны 5 минут жасап көріңіз. Тиімді әсері бірден байқалады.