Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » 2019 ЖЫЛЫ ӨМІРІ ӨЗГЕРЕТІН ЖҰЛДЫЗНАМА БЕЛГІЛЕРІ: САЯХАТ, МАХАББАТ ЖӘНЕ ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕР

2019 ЖЫЛЫ ӨМІРІ ӨЗГЕРЕТІН ЖҰЛДЫЗНАМА БЕЛГІЛЕРІ: САЯХАТ, МАХАББАТ ЖӘНЕ ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕР

Астрологтар сараптама жасап, 2019 жылы қай жұлдызнама белгілері өкілдерінің өмірі түбегейлі өзгеретіндігін анықтады. Бірнеше жұлдызнама белгілері үшін бұл жыл ұмытылмас әрі ерекше болары сөзсіз.

Торпақ
Торпақтардың жолы болады. Жылдың басында-ақ олар сәттілікке кенеле бастайды. Ең маңыздысы сәл кейінірек болары анық. Екінші жартыжылдықта астрология мамандары торпақтарға армандарының орындалатындығын жазады.

Жұлдыздар оларға саяхат ұсынуда. 21 сәуір мен 21 мамыр аралығында дүниеге келгендердің шетелге жолы түседі. Олар мүмкіндікті жіберіп алмай, өз арманын жүзеге асыруы тиіс. Салғырттықпен қарау немесе ұзақ ойлану жағдайды күрделендіріп, жыл босқа кетуі мүмкін.

Балықтар
Балықтардың бақыты жаңа қарым-қатынаспен, естен кетпес ұмытылмас сәттермен ерекшеленеді. Балықтар шынайы махаббатты бастан өткереді. Ең бастысы сезімдердің шынайы болары айқын.

Дәл осы балықтар жылдың соңында өз өмірін түбегейлі өзгерте алады. Бұл тек қана махаббатқа қатысты емес, жұмысқа да қатысты, тіпті олар баспаналы болуы да мүмкін. 2019 жыл  – балықтар үшін күткен бақытына қол жеткізетін тамаша кезең.

Тауешкі
Тауешкілерге жыл басы тәтті болмайды. Кейде әлемнің бәрі құлап қалғандай көрінуі мүмкін. Алайда қысқа ғана сәтсіздіктерге бола күйзеліске бой алдыруға келмес.
Негізінде тауешкілердің өмірі аз ғана уақыттың ішінде жақсы арнаға бұрылып, жақсара түседі.

Жаңа жетістіктер, жаңа мақсаттар және жаңа мүмкіндіктер. Тауешкілердің бақыттан басы аналып, бәрі де шынайы бола бастайды, олар кез келген биікті бағындыруға дайын болады.
Бұл сәттен ләззат алуға тырысыңыз. Бұл тағдырдың сізге берген сыйы деп қабылдау керек. Алайда есіріп кетпей, бәрін де ақылмен шешкен, пайдаланған дұрыс.

reactor.inform.kz

08 қаңтар 2019 ж. 1 606 0