Түркияға 11 айда 37,5 миллион турист келген
Шетелде тұратын түрік азаматтарымен бірге көрсеткіш 43 миллион келушіні құрап отыр. Бұл туралы Анкарадағы меншікті тілшіміз елдің мәдениет және туризм министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды. Аталмыш көрсеткіш өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда, 22 пайызға артық. Бұған елдегі доллар мен еуро құнының қымбаттауына байланысты саяхаттың шет ел азаматтары үшін арзандауы және Ресей азаматтарына жасалған жеңілдетілген науқан себеп болып отыр. Туристердің 12,3 миллионы Анталия жағалауына, 12,2 миллионы Ыстамбұлға, 3,5 миллионнан астамы Эдирне қаласына табан тіреген. Жиһанкездердің басым бөлігі Ресей, Германия, Ұлыбритания, Болгария мен Гүржі елінен келген.
Муасами Бен, судандық саяхатшы:
– Түрік елі және Суданның мәдениеті мен тұрмыс салты өте ұқсас. ініміз, тіпті дастархан мәзіріміз бір. Осы себепті, осы елді таңдадым. Мұнда өмір сүру әрі демалу ыңғайлы. Қалтаңа ауырлық етпейді. Соңғы жылдарда Таяу Шығыста Түркияға келу сәнге айналды. Отбасымызбен жиі осында келіп тұрамыз.
Пікір 2