Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Бейжіңдегі Қазақстан мәдени орталығы: ұлттық мұрамыздың жаңа көкжиегі

Бейжіңдегі Қазақстан мәдени орталығы: ұлттық мұрамыздың жаңа көкжиегі

2025 жылдың қыркүйегінде Бейжіңде Қазақстан Республикасының алғашқы мәдени орталығы ашылды. Бұл – шетелдегі тұңғыш әрі әзірге жалғыз қазақстандық мәдени орталық. КАЗИНФОРМ.

Орталық Бейжіңнің іскерлік ауданында, Лянмахэ өзенінің жағалауында орналасқан заманауи «21 ғасыр» бизнес-кешенінде, Қытайдың халықаралық жастар алмасу орталығының құрамында ашылды.

Аумағы 620 шаршы метр орталық қазақ мәдениетін, тілін, өнерін, тарихын және ұлттық тағамдарын Қытай аудиториясына таныстыруға арналған бірегей алаң болмақ.

Мәдени орталықтың ашылуы – екіжақты дипломатиялық келіссөздердің нәтижесі.

2022 жылы ҚХР Төрағасы Си Цзиньпиннің Астанаға мемлекеттік сапары кезінде Президент Хасму-Жомарт Тоқаевпен бірге екі елде мәдени орталықтар ашу туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.

2023 жылдың қарашасында Астанада екі ел үкіметтері арасында өзара мәдени орталықтар құру туралы келісімге қол қойылды. Ал 2025 жылдың 22 мамырында ҚР Үкіметінің қаулысымен «Бейжің қаласындағы Қазақстан мәдени орталығы» құрылып, ол ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қарамағына берілді.

Орталықтың басты мақсаты – қазақ мәдениетін және Қазақстанның туристік әлеуетін Қытайда дәріптеу. Мұнда мәдени, гуманитарлық және білім беру іс-шаралары өтіп, екі ел арасындағы байланыстарды нығайтуға үлес қосады.


Фото: Руслан Сүлейменов/Kazinform



28 қыркүйек 2025 ж. 690 0