Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 23 газет

23 наурыз 2026 ж.

№ 20 газет

17 наурыз 2026 ж.

№ 19 газет

14 наурыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Оңтүстік Кореядағы әуе апатында 179 адам қаза тапты

Оңтүстік Кореядағы әуе апатында 179 адам қаза тапты

9 желтоқсанда Boeing 737-800 ұшағы Муан әуежайында қону кезінде жолақтан шығып кетіп, қоршауға соғылып, өртенді. Ұшақ бортында 181 адам болды, олардың тек екеуі ғана тірі қалды, деп хабарлайды Reuters.

❗️
 Yonhap агенттігінің мәліметінше, 175 жолаушының 173-і Оңтүстік Корея азаматы, ал екеуі Таиландтан келген. Қаза тапқандардың саны бастапқыда 29 деп хабарланғанымен, кейін 179-ға жетті.

Алдын ала мәлімет бойынша, апатқа қону кезінде ұшақтың құстармен соқтығысуы себеп болған. Бұл шассидің дұрыс ашылмауына себеп болып, ұшақты басқару мүмкін болмай кеткен.
Фото: provided by a Yonhap reader


29 желтоқсан 2024 ж. 339 0