Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№23 газет

01 сәуір 2025 ж.

№22 газет

29 наурыз 2025 ж.

№21 газет

23 наурыз 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
» » Түркі мемлекеттері ұйымының туы өзгерді

Түркі мемлекеттері ұйымының туы өзгерді

Бішкекте өткен Түркі мемлекеттері ұйымына мүше мемлекет басшыларының 11-саммитінде ТМҰ жаңа туы қабылданды, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Түркия жаңалықтары» телеграм-арнасының мәліметінше, ұйымның жаңа туын Әзербайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Түркия және Өзбекстан көшбасшылары: Ильхам Әлиев, Қасым-Жомарт Тоқаев, Садыр Жапаров, Режеп Тайип Ердоған және Шавкат Мирзиеев бекіткен.

«Түркі мемлекеттері басшылары кеңесінің отырысы барысында түркі әлемінің ортақ құндылықтарын, бірлігі мен ортақ мәдени бірегейлігін бейнелейтін түркі мемлекеттері ұйымының туын бекіту туралы шешім қабылданды. Сегізбұрышты, жұлдызы бар жарты айды және көгілдір фонда біркелкі бөлінген сәулелері бар күн бейнеленген жалау ұйымның ресми символына айналды. Тудың көгілдір түсі түркі халықтарының тарихи және мәдени бірлігін бейнелейтін ашық аспанды, бейбітшілік пен өркендеуді білдіреді», делінген хабарламада.

Ақпаратқа сәйкес, Түркі мемлекеттері ұйымының туы былай өзгерді (сол жақта – ескісі, оң жағында – жаңасы)

Фото: t.me/turknws
07 қараша 2024 ж. 208 0