Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 85 газет

08 қараша 2025 ж.

№ 84 газет

04 қараша 2025 ж.

№83 газет

01 қараша 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
» » Президент Рим Папасына көңіл айтты

Президент Рим Папасына көңіл айтты

Мемлекет басшысы өзінің жеделхатында Рим Папасы XVI Бенедикттің өмірден озғаны туралы суыт хабарды терең күйзеліспен қабыл алғанын жеткізді, деп хабарлайды Egemen.kz.

– Католик шіркеуінің бұрынғы көшбасшысын әлемге танымал рухани қайраткер, бейбітшілік пен өзара түсіністікті, гуманизм идеяларын ілгерілету жолында қажырлы еңбек сіңірген ұлы тұлға деп білеміз. Адамзат баласына аманат етілген құндылықтарды қорғауға айтарлықтай үлес қосқан Аса Қасиетті XVI Бенедикттің жарқын бейнесі әлем жұртшылығының жадында мәңгі сақталады. Қаралы сәтте қайғыларыңызға ортақтасып, Қазақстан халқының және жеке өзімнің атымнан күллі католик қауымына көңіл айтамын, – деп жазылған жеделхатта.
02 қаңтар 2023 ж. 815 0