Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Адамдар тұратын шалғайдағы ғажайып жерлер

Адамдар тұратын шалғайдағы ғажайып жерлер

Біздің планетамызда әдемі жерлер көп. Бірақ олардың кейбіруіне бару үшін біраз еңбектенуге тура келеді. Бұған дейін "Әлемдегі ең қорқынышты аралдарды" жазған болатынбыз. Енді адамдар тұратын, бірақ жету қиын жерлер туралы мағлұмат береміз.

Гасадалур ауылы. Фарер аралдары

Фарер аралдарының ең әдемі және шалғай ауылы Гасадалур толығымен таулармен қоршалған, сондықтан мұнда келген адам ұзақ қашықтықты жаяу жүріп, 400 метрге дейін көтерілуі керек. Жағдай тек 2004 жылы таудан көліктер өтетін туннель кесіп жол ашылғанда ғана өзгерді. Мұнда тұру оңай емес – азық-түлік шектеулі, ал балық аулау үшін көрші ауылға бару керек. 2012 жылғы мәліметтер бойынша Гасадалур тұрғындарының саны 18 адам болса, 2020 жылы небәрі 11 адамды құрады.


Эдлидай аралындағы үй. Исландия

Кейінгі 300 жылда аралда небәрі 5 отбасы өмір сүрген. Кейінірек қайғылы салдарымен арал иесіз қалды. Бүгінде аралда ешкім тұрмайды, ол жерде орналасқан үй сұлулығымен көз тартатын, қазір «Қызыл кітапқа» енген теңіз құстарына уақытша пана ретінде қызмет етеді. Аралға тек жүзу және әуе арқылы жетуге болады, бірақ анда-санда адамдар келіп тұрады.




Иллоккортоормиут ауылы, Гренландия

2 миллион шаршы шақырымнан асатын әлемдегі ең үлкен арал Гренландияда небәрі 60 000 адам тұрады. Өркениеттен ада, орманмен қоршалған елдің шығыс жағалауында планетаның ең солтүстік елді мекендерінің бірі –Иллоккортормиут, балықшылар мен ақ аю аңшыларының ауылы орналасқан. Ауылда 500 адам тұрады. Олар  ұшақпен немесе су көлігімен сирек келетін қонақтарды әрқашан қуана қарсы алады.


Тристан да Кунья аралы, Ұлыбритания

Арал халқы 1816-1908 жылдар аралығында осында қоныстанған саяхатшылардың ұрпақтарынан тұрады. Қазіргі уақытта аралда мектеп, аурухана, тіпті туристік агенттік бар. Жергілікті тұрғындар картоп өсіру және теңіз өнімдерін жинау арқылы күн көреді. Арал астанасының материкпен көлік байланысы жоқ, сондықтан мұнда келіп, кеткісі келетіндер балық аулайтын қайықтарды күтуге мәжбүр, олар кейде теңізде үш аптаға дейін жүзуге мәжбүр болады. Жолда адамдар жиі теңіз дауылына тап болады.


Мотуо округі, Қытай

Буддистік дереккөздерге сәйкес киелі жер болып саналатын Мотуо флораға бай және ботаниктер үшін жұмақ орын. Өйткені мұнда жергілікті сұлулықты аралап жүргенде Қытай флорасының 70 пайызын көруге болады. Табиғат Мотуоны адамдардан әдейі қорғайды, оған жету үшін Тибет асуларынан өтіп, 200 метрлік аспалы көпірден өту керек.

Құрылысшылар Мотуода жол салуға бірнеше рет әрекеттенді, бірақ көшкін оларды қиратып тастаған. Соған қарамастан адамдар Мотуода тұрып жатыр.





11 тамыз 2022 ж. 1 057 0