Ұлыбританияда омикрон штамын жұқтырғандар көбейіп барады
Желтоқсанның басында вирус жұқтыру оқиғаларының арасындағы оның үлесі 1 процент шамасында болатын, деп хабарлайды Хабар 24.
Ал қазір науқастардың 60 процентінен осы жаңа мутация анықталып жатыр. Өткен аптада омикроннан алғаш кісі өлімі осы корольдікте тіркелген еді. Енді бүгінде вирустың бұл түрін жұқтырған 7 науқастың көз жұмғаны белгілі. Қазір билік шектеу шараларын күшейту жағын қарастырып жатыр. Өйткені алдағы мерекелерден кейін эпидахуал күрт нашарлап кетеді деген қауіп бар. Қазірдің өзінде де жағдай мәз емес. Кейінгі күндері тәуліктік өсім бойынша «антирекодтар» тіркеліп жатыр. Қазір күн сайын ауруханаға мыңға жуық адам түседі. Сарапшылар «шектеу шараларын күшейтпесе, қаңтардың басында бұл көрсеткіш 3 есе артады» – деп топшылап отыр. Сол кезде дәрігерлер мен әлеуметтік қызметкерлер тапшылығы туындауы мүмкін.