Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 53 газет

19 шілде 2025 ж.

№ 52 газет

15 шілде 2025 ж.

№ 51 газет

12 шілде 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
» » Әлемде коронавирустың тағы бір штаммы таралуда

Әлемде коронавирустың тағы бір штаммы таралуда

Оңтүстік Кореяда коронавирустың тағы бір жаңа штаммы таралуда. Дәрігерлер Mu-штаммды үш адам жұқтырғанын мәлімдеді.

Кореяның ауруларды бақылау және алдын алу департаментінің өкілдері науқастардың үшеуі де індетті сырттан жұқтырып келгенін жеткізді. Ауру жұқтырғандар – Мексикадан, АҚШ-тан және Колумбиядан келген иммигранттар.

Өз кезегінде биліктегілер коронавирустың жаңа штаммының таралып кетпеуі үшін тиісті шаралар қабылданатынын мәлім етті.

Айта кетсек, Mu-штамм 2021 жылы Колумбияда анықталған. Бұған дейін ДДСҰ вакциналарға төзімді штаммдар бар екенін хабарлаған болатын. Қазіргі таңда бұл вирустың түрі Еуропа мен Оңтүстік Америка елдерінде таралған.

05 қыркүйек 2021 ж. 675 0