Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№91 газет

29 қараша 2025 ж.

№90 газет

25 қараша 2025 ж.

№89 газет

22 қараша 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
» » Орман өртеніп жатқан Анталияда нөсер жаңбыр жауды

Орман өртеніп жатқан Анталияда нөсер жаңбыр жауды

Түркияның оңтүстігінде біраз уақытқа созылған аптап ыстықтан кейін нөсер жауын жауды.

Бүгін таңертеңнен бері Анталияның кей аудандарында жаңбыр жауып өтті. Қала көшелері мен провинцияның жан-жағын су алып кетті.

Ұзаққа созылған ыстық пен қуаңшылықтан кейін қала тұрғындары таңғы нөсерге дайын емес еді, сондықтан таңертең жұмысқа бара жатып, жауын астында қалған халық аялдамаларды паналауға мәжбүр болды.

Бір жақсысы, бұл жаңбыр орман өрті жалғасып жатқан аймақтарда жауды. Өрттен әбден қалжырап, бойын үрей жайлаған халық жауынға керісінше қуанды.

Түрік метеорологтарының айтуынша, өңірде ауа райы бұлтты, тағы нөсер жаууы ықтимал.

Кешке қарай Манавгат, Гүндоғмуш және Алания аудандарында жаңбыр болуы мүмкін.

Ертеңнен бастап ауа температурасы қайтадан 38 градустан жоғары көтеріледі.

Еске сала кетейік, Түркияда бір аптадан астам уақыттан бері орман өртін сөндіру жалғасып жатыр.

08 тамыз 2021 ж. 1 211 0