Түркия тамашалары

Орасан үлкен аумақты алып жатқан The Land of Legends орталығына бір кірген адам бір күнін арнайтындай көретін кереметтері өте көп. Антальяның Белек ауданында салынып, пайдалануға берілгеніне үш жылдан асқан The Land of Legends орталығына келушілердің де қатары өте көп. Мұнда санитарлық, дизенфекциялық жұмыстар қатаң сақталған.
Парктың бір бөлігі түрлі әлемдік брендті киімдер дүкеніне, қонақ үй мен мейрамханаларға арналса, қалған бөлігі балаларға арналған ірі шоу бағдарламасы бар, аттракционды орталыққа арналған. Ертегі әлеміне енгендей әсер беретін бұл орталықты тек көзбен көру керек. Екі мың жыл бұрын сәулетті қала тұрғыза білген түрік ұрпағының бүгінгі күні одан кем құрылыс салуға тиіс емес екенін еріксіз мойындайсың…