Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 24 газет

04 сәуір 2026 ж.

№23 газет

31 наурыз 2026 ж.

№22 газет

28 наурыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930 
» » АҚШ-та әуе таксиі пайда болады

АҚШ-та әуе таксиі пайда болады

АҚШ-та әуе таксиі пайда болады, деп хабарлайды 24.kz.

Ол электр энергиясымен ұшады. Идея авторлары жаңа көлік түрі қаладағы кептелісті жойып, адам тасымалдау бизнесінде үлкен бәселестік тудыруы мүмкін деп отыр. Әуе таксиінің жылдамдығы сағатына 240 шақырымға жетеді. Толық заряды жүз шақырымға дейін жарамды. Оған бір мезетте 4 адам отыра алады. Ұшатын таксилер нарыққа 2024 жылы шығады. Қазір бұл жоба АҚШ-тың Азаматтық авиация басқармасында тексерістен өтіп жатыр.

Адам Голдстайн, идея авторы:

– Біз адамды күні-түні тасымалдай алатын көлік құралын жасадық. Әуе таксиі жолаушылар түсіру және мінгізу кезінде қуатталады. Ол жер бетінде 10 минутқа ғана бөгеледі. Біздің мақсатымыз – үлкен қалалардың адамдардың өмір салтын өзгерту.
13 маусым 2021 ж. 745 0