Тіршілік тынысы Сырдария аудандық қоғамдық-саяси газет

№ 46 газет

12 маусым 2021 ж.

№45 газет

08 маусым 2021 ж.

44 газет

05 маусым 2021 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2021    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
» » Қытайда құс тұмауы тіркелді

Қытайда құс тұмауы тіркелді

H5N8 құс тұмауы Қытайдың оңтүстік-батысындағы Тибет автономиялық ауданы Нагчу қаласында тіркелді. Бұл туралы Қытайдың Ауыл шаруашылығы және ауылдық істер министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Нагчу қаласында және Тибеттің сулы-батпақты жерлеріндегі ұлттық қорықта жабайы құстарда жоғары патогенді ауру табылды. Мамандандырылған ведомствоның мәліметінше, 268 вирус жұқтырған құс өлді.

Жергілікті билік олардың табылған жерлерінде, соның ішінде барлық өлген құстарды жоюға қажетті шаралар қабылдады.

Құс тұмауы – жабайы құстар мен үй құстары үшін өте қауіпті, жұқпалы вирустық ауру. Бұл аурудың көптеген штамдары адамдар үшін қауіпсіз. Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, H5N8 құс тұмауын жұқтыру қаупі төмен.
20 мамыр 2021 ж. 267 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам