Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 31 газет

20 сәуір 2024 ж.

№ 30 газет

16 сәуір 2024 ж.

№ 29 газет

13 сәуір 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
» » Париждегі Қазақстанның ең көрікті жері

Париждегі Қазақстанның ең көрікті жері

Триумфальды қақпа мен осы елдегі Қазақстан елшілігіне жақын жерде қазақтың ескі дәстүріне сай тал отырғызылды, деп хабарлайды 24.kz.

Шарль де Голль алаңы мемлекет қорғауындағы жер болып саналады. Сондықтан біркелкі көркемдік стильді сақтау үшін Тау терегін отырғызу ғана рұқсат етілген. Ал Наурыз мерекесіннің символы ретінде ағаш отырғызуды елшілік ұсынып, шаһардың 8-округінің мэриясы қолдау білдірген.

Доминик Нюгейр, Париж қаласы әкімдігінің өкілі:

– Біз бұл ұсысынысты қуана қабылдадық. Әсіресе, қазіргідей қиын кезде мұндай шара адамдарға қуаныш сыйлап, мызғымас достыққа үндейді.

Жан Ғалиев, Қазақстанның Франциядағы елшісі:

– Биыл ерекше жыл. Себебі еліміздің тәуелсіздігінің 30 жылдығын атап өтіп жатырмыз. Қазақстан мен Франция арасында дипломатиялық қарым-қатынастың орнағанына да 30 жыл толады.

Қала әкімдігінің өкілі айтқандай, бұл екі мемлекетпен бірге екі қала арасындағы ынтымақтастыққа жаңа серпін береді.

24 наурыз 2021 ж. 657 0