Пандемияның шарықтау шегі: ғалымдар болжамы

Ғалымдардың сөзіне сенсек, Америка мен Еуропа құрлықтарындағы елдерде пандемияның шарықтау шегі шамамен мамырдың алғашқы жартысына сәйкес келеді-міс. Нақтырақ айтсақ, АҚШ-та вирустың таралуы мамырдың 11-інде, Испания мен Францияда 3-інде, Италияда 7-сінде 97 процентке аяқталатын көрінеді. Ал Түркияда індет 15 мамырда тоқтаса, Үнді жерінде 21 мамырда аяқталуы мүмкін. Ал коронавирустың таралуы 100 процентке тоқтайтын уақыт -8 желтоқсан екен.