Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Германия алдағы онжылдықта әлемдік тұрақтылыққа төнетін қауіпті атады

Германия алдағы онжылдықта әлемдік тұрақтылыққа төнетін қауіпті атады


Германияның Қорғаныс министрі әлемдік тұрақтылыққа төнетін негізгі   қауіптілікті атады, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 
Бұл жайында Риа Новости хабарлайды.
Әлемдік тұрақтылықты бұзатын – кибершабуыл,-деп айтты Германияның Қорғаныс министрі Урсула фон дер Ляйен.
Министрдің айтуынша, қарсыласы кім екеніне қарамастан кибершабуылдың әсері күшті болады. Оның ішінде Ислам мемлекеті де бар.
"Ислам мемлекеті бізге қарсы тұру үшін киберкеңістікті пайдаланады",-деді министр.
Урсула фон дер Ляйенның пікірінше, ақпараттық жүйелердің қорғанысын күшейту қай елдің болсын басты міндетіне айналады.
«Осы онжылдық киберқорғаныстың және ақпараттық басқарудың ең үздік онжылдығы болады» ,-деп айтып өтті Қорғаныс министрі.
«Қамшы» сілтейді
18 ақпан 2018 ж. 1 059 0