Тіршілік тынысы Сырдария аудандық қоғамдық-саяси газет

PDF нұсқалар мұрағаты

№ 24 газет

31 наурыз 2020 ж.

№ 23 газет

27 наурыз 2020 ж.

№ 22 газет

21 наурыз 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930 
» » Мұзды материкке қызыл түсті қар жауды

Мұзды материкке қызыл түсті қар жауды

Мұзды материктегі "Академик Вернадский" деп аталатын украиналық станцияға қызыл түсті қар жауған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Бұл ерекше құбылыс жайлы Украинаның Білім және ғылым министрлігі Facebook желісіндегі парақшасында хабарлаған.

Ведомствоның мәліметінше, қар мұндай реңкті "Chlamydomonas nivalis" (Қарлы хламидомонад) микроскопиялық қар балдырларынан алады. Олардың споралары төмен температурадан қорықпайды және күн жылынған сәтте өсе бастайды. Айта кетейік, Антарктидада қазір жаз мезгілі.

Министрліктің хабарламасында мұндай құбылысты Арктика мен Альпіде, басқа да таулы эко жүйелерде кездестіруге болатыны айтылған.

Еске сала кетсек, бұған дейін Қарағанды облысы Теміртау қаласында қара түсті қар жауғаны хабарланды. Осыдан соң Экология министрі Мағзұм Мырзағалиев әлеуметтік желідегі парақшасында қара түсті қарға қатысты пікір білдірді. Ол арнайы тексерістер жүргізіліп, тиісті шаралар қолданылады деп уәде берген еді.

Сондай-ақ, облыс басшысы Жеңіс Қасымбек тұрғындармен кездесу барысында Теміртаудағы ластанудың 80%-ы металлургия комбинатынан шығатынын, қаладағы ахуалға өзінің де ашулы екенін айтқан болатын.
26 ақпан 2020 ж. 385 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам