Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№91 газет

29 қараша 2025 ж.

№90 газет

25 қараша 2025 ж.

№89 газет

22 қараша 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
» «Таза Қазақстан» акциясы басталғалы 5 600-ден астам іс-шара өтті

«Таза Қазақстан» акциясы басталғалы 5 600-ден астам іс-шара өтті

«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы басталғаннан бері 5 600-ден астам іс-шара өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ардагерлер мен қарттар үйлерін абаттандыруға, сонымен қатар жалғыз басты қарттарға тұрмыстық көмек көрсетуге бағытталған «Өнегелі ұрпақ» апталығы аяқталды. «Өнегелі ұрпақ» тақырыптық апталығы аясында 787 іс-шара өткізілді, 2308 егде жастағы адамға көмек көрсетілді. Волонтерлер, жастар ресурстық орталығы өкілдері және Алматы облысының «Ковчег» балалар үйі тәрбиеленушілері бірігіп сенбілік өткізді. Аумақты көгалдандырумен айналысып, көшеттер отырғызуға 50 адам қатысты.

Сонымен қатар, жасөспірімдерге арналған концерттік бағдарлама ұйымдастырылды. Іс-шара соңында балалар үйінің тәрбиеленушілеріне сыйлықтар табысталды. Жалпы, акция барысында 8 сәуір мен 4 мамыр аралығында өңірлерде 5,6 мыңнан астам іс-шара өткізіліп, оған 1 млн-нан астам адам қатысқан. 6-11 мамыр аралығында өзен-көлдер маңын қоқыстан тазалауға бағытталған «Мөлдір бұлақ» тақырыптық апталығы ұйымдастырылады.

Барлық іс-шараға жастар ресурстық орталықтары, волонтерлік қоғамдастықтар белсенді қатысады.
---
05 мамыр 2024 ж. 1 270 0