Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 64 газет

26 тамыз 2025 ж.

№ 63 газет

23 тамыз 2025 ж.

№ 62 газет

19 тамыз 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031
» » » Самал Еслямова "азиялық" Оскарды" алды

Самал Еслямова "азиялық" Оскарды" алды

Қазақстандық актриса Самал Еслямова Сергей Дворцевойдың "Айка" кинокартинасындағы рөлі үшін Гонконгтағы Азия киноакадемиясының (Asian Film Awards Academy) сыйлығын алды.

Ол Азияның үздік актрисасы атанды. Бұл туралы 17 наурызда кешке мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы Facebook желісіндегі парақшасында хабарлады.

"Достар, Asian Film Awards Academy "азиялық "Оскар" деп аталады! Киноакадемия номинанттарын 11 қаңтарда белгілеген. Міне, жеңіс! Бұл үлкен жетістік! Шығармашылық топты шын жүректен құттықтаймын! Өте қуаныштымын!"- деп жазды министр.

"Айка" фильмі қырғызстандық қыздың өмірін суреттейді, ол Мәскеуде астыртын жұмыс істеп, өмір сүреді. Күтпеген жерден жүкті болып қалған ол баласын перзентханада тастап кетеді. Уақыт өте келе оның аналық сезімі оянып, Айка тастап кеткен ұлын іздей бастайды.

kaz.tengrinews.kz

18 наурыз 2019 ж. 720 0