Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » » Мейрамбек Бесбаев "Келінжан" атты сериалға түсті

Мейрамбек Бесбаев "Келінжан" атты сериалға түсті

Картинаның оқиға желісі бойынша Күлімхан апаның үш ұл, бір қызы бар.

"Хабар" телеарнасы көрермендеріне ене мен келін арасындағы қарым-қатынасты суреттейтін жаңа картина ұсынады. Қаңтар айынан бастап көрсетілетін комедия "Келінжан" деп аталады, деп хабарлайды Today.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Картинаның оқиға желісі бойынша Күлімхан апаның үш ұл, бір қызы бар. Ұлдардың кенжесі үйге келін алып келеді. Қалада өскен Асылым есімді ару ауыл өміріне үйреніп, енесіне ұнағысы келеді. Алайда Күлімхан апайдың мінезі ауыр, мұны ауылдағы әр адам біледі. Сондықтан болар оған ешкім жақпайды, келіндерінің бірі де қатал ененің көңілінен шықпайды. Сондай күндердің бірінде Күлімхан апаның өз қызы тұрмысқа шығады. Қызы өзге үйдің түтінін түтетіп, келін атанған кезде қатал ененің көзқарасы өзгере бастайды. 

"Біз келіннің образы арқылы ененің мәртебесін көрсету немесе ененің келінге қатты болуы арқылы келіннің ез болып жүргенін көрсетуді мақсат етпедік. Бұл жерде әрқайсысының өз рөлі, себебі бар. Ененің сондай болуына не әсер етті, неге біздің енелеріміз қатал, неге біздің келіндеріміз сондай деген сұрақтарға жауап береміз. Келіспейтіндерде болуы мүмкін, бірақ әр адам өзін көреді. Мен оған сенімдімін, өйкені мен күнделікті көріп жүрген дүниелерді жаздым", – дейді картинаның продюсері Гүлнұр Мамасарипова. 

Картинада Лейло Бекназар, Рүстем Жанаманов, Назар Сұлтанбаев, Дариға Бадықова, Нұргүл Мыңбаева, Дәулет Өсербаев, Сара Амангелді сынды актерлер ойнайды.

Сериалдың бір эпизодында Мейрамбек Бесбаев ауыл музыканты рөлін сомдаған. 
21 желтоқсан 2018 ж. 934 0