Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 48 газет

01 шілде 2025 ж.

№ 47 газет

28 маусым 2025 ж.

№ 46 газет

24 маусым 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
» » » «Мәдениет – қоғам келбеті» тақырыбында форум басталды

«Мәдениет – қоғам келбеті» тақырыбында форум басталды

Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне арналған «Мәдениет – қоғам келбеті» атты форумның ашылуы өтті, деп хабарлайды Kyzylorda-news.kz. 

Форумның басты мақсаты – аймағымыздағы мәдениет пен өнер саласының дамуы мен әріптестерімізге жан-жақты шығармашылық қолдау көрсету. Форум барысында шеберлік сағаттары ұйымдастырылады.

Сценарист-режиссерларға арналған «Мәдени-көпшілік шараларды ұйымдастыру мен өткізудің ерекшеліктері» тақырыбындағы шеберлік сағатын Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, режиссер Қарлығаш Әжиева, жыршы-термешілерге арналған «Дәстүрлі өнерді өркендетудің әдіс-тәсілдері» тақырыбындағы шеберлік сағатын жырау, ұстаз Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, профессор Алмас Алматов, вокалды-аспапты, фольклорлық ансамбльдер мен қобызшыларға арналған «Шеберлік шеңбері» тақырыбындағы дәрісті композитор, пианист, музыкалық өңдеуші Сәтжан Шәменов өткізсе, «Мәдениет саласындағы креативті менеджмент» тақырыбында журналист-продюсер Қарлығаш Тоғанбаева және «Мобилография. Мәдени шараны ақпараттандыру» тақырыбында республикамызға танымал фото-видео менеджер Шырын Нұрмұханова шеберлік дәрістерін өткізетін болады.

Форум «Қылқаламда мәңгілік ел бейнесі» атты халықаралық симпозиумға қатысушы суретшілердің туындыларынан көрме және облыс әкімінің «Тұран» сыйлығын табыстау рәсіміне арналған «Сыр елі – өнер ордасы» атты Гала концертпен қорытындыланады.

Фото:Ашық дереккөзден

20 мамыр 2024 ж. 317 0