Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

Азат күн

Бабамның маңдай терімен,
Қайысқан қол, түмен ерімен,
Анамның аппақ арымен,
Ғасырлар көрген зарымен,
Осылай келген Азат күн!


Батырдың текті қанымен,
Намысты, ерен жанымен.
Көз ілмей өткен түнімен,
Атаның тілек-үнімен.
Осылай келген Азат күн!

Сәбиі төрде еңіреген,
Бостандық үшін жерімеген.
Дариядай аққан сеңіменен,
Он алтының ызғарлы желіменен,
Осылай келген Азат күн!

Көрсетіп ғасыр өрнегін,
Үміті елдің сөнбегін.
Сағымдай болған елдігім,
Басыма құт боп төрледің!
Осылай келген Азат күн!

Сақтардың текті жұрнағы,
Өзіңсің қазақ ұрпағы.
Құт болып сіңген қаныңа,
Бұйырған екен зор бағы.
Осылай келген Азат күн!

Керегем кеңіп жаһаннан,
Ежелден қазақ атанғам.
Жауқазын гүлдей құлпырған,
Сәбираң өтіп қатардан.
Осылай келген Азат күн!

Хан Кене бабам арманы,
Күркіреп тауда сарнады,
Махамбет жұтқан мұң мен шер,
Зәһәрдан ауыр салмағы.
Осылай келген Азат күн!

Сөз болса Алаш ардағы
Түнектей есті қармады.
Әлихан, Ахмет – ардақтым,
Күресуден талмады.
Осылай келген Азат күн!

Ел болдық міне, егеменді,
Тарихымыз кемелденді.
Мың алғыс жанын қиғандарға,
Ұмытпайық ерен ерді!
Осылай келген Азат күн!






Ханзада Сейілбек.
№37 мектеп-лицейдің
11-сынып оқушысы,
Шаған ауылы
04 мамыр 2022 ж. 547 0