№3 халыққа қызмет көрсету орталығы жаңа ғимаратқа көшеді

Жаңа орталық Ұзақбай Қараманов көшесі, 96 мекенжайы бойынша өз жұмысын жалғастырады. Айта кету керек, бұрын бұл орталық Ақмешіт м/а 1Б мекенжайында орналасқан.
Жаңа ғимарат азаматтар үшін ыңғайлы жерде орналасқан. Кеңейтілген қызмет көрсету аймағы заманауи қызмет көрсету стандарттарына сай жабдықталған.
Еске салайық, №3 ХҚКО бөлімі сағат 09.00-ден 18.00-ге дейін жұмыс істейді. Орталықта мемлекеттік қызметтердің барлық түрі, соның ішінде жеке құжаттарды рәсімдеу, жылжымайтын мүлікті тіркеу, әлеуметтік және зейнетақы мәселелері бойынша қызмет көрсетіледі.