Құрметті «Жас түлек – 2023»!
Егер Сіз 2023 жылы мемлекеттік тапсырыс шеңберінде жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын әріптік жүйе бойынша бағалар B+ және балдардың сандық эквиваленті («GPA» көрсеткіші) 3,33 тен кем емес көрсеткішпен аяқтаған болсаңыз, Сіз «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талаптарына сәйкес оқуды бітіргеннен кейін бір жыл ішінде төмендегі лауазымдарға конкурс өткізілместен орналаса аласыз:
1. облыс аудандарының немесе облыстық маңызы бар қаланың (облыстың әкімшілік орталығы болып табылатын қаладан басқа) әкімдігі мен мәслихаты аппараттарының төменгі лауазымдары;
2. жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын облыс ауданы және облыстық маңызы бар қала (облыстың әкімшілік орталығы болып табылатын қаладан басқа) атқарушы органының басшылық емес лауазымдары;
3. аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімі аппаратының басшылық емес лауазымындары;
4. министрліктердің, агенттіктердің облыстық аумақтық департаменттері мен инспекцияларына қарасты облыс орталығы емес қалалар мен аудандардағы бөлімшелерінің басшылық емес лауазымдары.

Осы ретте, жоғарыда аталған талаптарға сәйкес келетін 2023 жылғы түлектерден Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің zh.shintasov@kyzmet.gov.kz электронды мекен-жайына төмендегі құжаттарды жолдауларыңызды сұраймыз.
1. Жоғары білімі туралы диплом және оның қосымшаларының нотариалдық куәландырылған көшірмесі;
2. Жоғары немесе жоғары оқу орынын мемлекеттік тапсырыс шеңберінде 2023 жылы бітіргеніңізді айқындайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған көшірмесі;
3. Жеке басын анықтайтын куәліктің көшірмесі.
Қосымша ақпараттарды 70-57-37 немесе 70-56-26 байланыс телефондары арқылы алуға болады.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті