Назар аударыңыздар, конкурс!
Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Қызылорда облысы бойынша филиалы 2024 жылы мемлекеттік тілде дәріс өткізетін эксперттерге/ тренерлерге конкурс жариялайды:
І. Мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау курстарының бағыттары (пәндері) бойынша:
• Басшының витальді және эмоционалды интеллекті;
• Көпшілік алдында сөйлеу;
• Басқарушының сөз мәдениеті;
• Сыбайлас жемқорлыққа қатысты құқық бұзушылықтардың алдын алу;
• Guest Talk мотивациялық кездесу;
• Практикалық аналитика;
• Коммуникациялық менеджмент;
• Стратегиялық жоспарлау және бюджеттеу;
• Деректер негізінде басқарушылық шешімдер қабылдау;
• Жобалық менеджмент;
• Мемлекеттік органдардағы цифрландыру;
• Өңірде мемлекеттік саясатты жүзеге асыру;
• Басқарушылық коучинг;
• Өзгерістерді басқару;
• Басшыларға арналған стратегиялық HR;
• Көшбасшылық. Pro-белсенді басшы;
• Бастамашылдық және жауапкершілік;
• Витальді және эмоционалды интеллект;
• Тайм- және стресс-менеджмент;
• Коучинг;
• Әдеп және парасаттылық;
• Ойлау дизайны және адамдарға бағдарлану;
• Практикалық аналитика;
• Кәсіби коммуникациялар;
• Стратегиялық менеджмент;
• Деректерді талдау;
• Шешендік өнер. Презентацияларды дайындау;
• Ресми жазылым;
• E-Otinish. Азаматтардың өтініштерімен жұмыс.
ІІ. Біліктілік арттыру семинарларының төмендегі тақырыптары бойынша:
• Тиімді коммуникациялар;
• Халық үніне құлақ асатын мемлекет: халықпен және азаматтық қоғаммен өзара әрекеттесу құралдары;
• Көпшілік алдында сөйлеу. БАҚ-пен өзара әрекеттесу;
• Әйелдер көшбасшылығы;
• Ең алдымен – адамдар: мемлекеттік қызметтердің сапасын арттырудың практикалық құралдары;
• Құқықтық мәдениет және сауаттылық;
• Шығармашылық индустриядағы үрдістер мен инновациялар: мемлекеттік органдар үшін перспективалар;
• Мемлекеттік басқарудағы цифрлық трансформация;
• Ойлау дизайны және адамға бағдарланған трансформация;
• Өңірдің тұрақты дамуын басқару;
• Эмоционалды және витальді интеллект;
• Бюрократиядан арылу және мемлекеттік қызметтер сапасын арттыру;
• Белгісіздік жағдайындағы трансформациялық көшбасшылық;
• Объективті деректер негізінде басқару шешімдерін қабылдау;
• Кәсіби әдеп және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлық;
• Жергілікті атқарушы органдардың қызметіндегі бухгалтерлік есеп және мемлекеттік сатып алулар;
• Сыни тұрғыдан ойлау және инновация: жаңа шешімдер мен тәсілдер;
• Сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент және комплаенс;
• Аймақтағы әлеуметтік-экономикалық жобаларды іске асыру: жобалық тәсіл;
• Стратегиялық менеджмент және көшбасшылық;
• Е-өтініш: азаматтардың өтініштерімен жұмыс жасау;
• Басымдықтарды басқару: тайм-менеджмент, стресс-менеджмент;
• Стратегиялық HR менеджмент;
• Өңірдің тұрақты дамуы: саясаттар мен бағдарламалар;
• Ресми мәтін және жазылым дағдылары;
• Проактивті ойлау және жеке тиімділік;
• Жергілікті атқарушы органдар қызметінің тиімділігін арттыру.
Біліктілік талаптары: жоғары білім, ғылыми-педагогикалық қызметте немесе мемлекеттік қызметте не мамандығы бойынша еңбек өтілі кемінде 3 жыл.
Конкурсқа қатысуға тілек білдірген тұлғалар Академия филиалы директорының атына (еркін үлгіде) өтініш береді. Өтінішке қоса мына құжаттар өткізіледі:
1) Түйіндеме;
2) Білім беру бағдарламасы бойынша мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру семинарларының тақырыптарына және қайта даярлау курстарының пәндеріне арналған жоба презентациясын, кейстерін (электрондық нұсқада, көлемі 10 слайдтан көп емес) ;
3) Жоғары білімі, академиялық немесе ғылыми дәрежесі туралы дипломдардың, қызметтік тізілімнің, тақырып бойынша сертификаттардың көшірмелері.
Түйіндеме, презентация, кейс нысандарын төменде көрсетілген электронды поштаға жіберуге болады. Құжаттар қабылданғаннан кейін үміткер конкурстық комиссияға шақыртылады.
Конкурсқа құжаттарды тапсыру мерзімі –2024 жылдың 20 қаңтар 18.00-ге дейін.
Конкурстың өтетін жері: Қызылорда қаласы, Қ.Сатпаев көшесі 8. Тел: 8 (7242) 27-52-80, электронды поштасы: kzo.info@apa.kz.