Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 71 газет

07 қыркүйек 2024 ж.

№ 70 газет

03 қыркүйек 2024 ж.

№ 69 газет

30 тамыз 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30 
» » » 17 шілдеде «Болашақ» бағдарламасына өтініш қабылдау басталады

17 шілдеде «Болашақ» бағдарламасына өтініш қабылдау басталады

«Болашақ» бағдарламасына құжаттарды қабылдаудың төртінші легі 17 шілдеден 15 қыркүйекке дейін жалғасады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Конкурстық іріктеуге қатысуға өтініштер мемлекеттік қызметтер порталы – eGov.kz арқылы онлайн қабылданады. 

Биыл «Болашақ» стипендиясы үміткерлеріне қойылатын талаптар күшейтілді. Енді үміткерлер шет тілін меңгергенін растауға тиіс.

Ағылшын тілінде оқуға түсушілер төмендегі нәтиже бойынша IELTS сертификатын ұсынуы керек:

Квоталық санат бойынша 9.0-ден кемінде 5.0;

Өз бетінше түскендер санаты бойынша (магистратура, докторантура) 9.0-ден кемінде 6.0;

Тағылымдама санаты бойынша 9.0-ден кемінде 5.0.

Биыл «Болашақ» бағдарламасы бойынша магистратура және резидентураға 395 стипендия, докторантураға 50 стипендия, тағылымдамадан өтуге 110 стипендия бөлінді.
16 шілде 2023 ж. 275 0