Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » КЫРКҮЙЕКТЕ КҮН СУЫТАДЫ

КЫРКҮЙЕКТЕ КҮН СУЫТАДЫ

Арктикалық ауа массаларының белсенді енуіне байланысты айдың басында еліміздің орталық және солтүстік-батыс бөлігінің тұрғындарын бұлтты, жаңбырлы және желді ауа райы күтеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Түнде 1...6 градус жылыға дейін суытады, кей жерлерде топырақта 3 градусқа дейін үсік болуы ықтимал, күндізгі температура 7...15 гардусты құрайды, батыста және орталықта 22 градусқа дейін жылы болады.
Сондай-ақ еліміздің шығыс және оңтүстік бөлігінде қыркүйек айының басы жаңбырлы болады және температураның аздаған түсуі: түнгі сағаттарда 7...12 градус жылыға дейін, күндіз 18...25 градус жылыға дейін күтіледі. Алайда қыркүйек айының басым күндерінде жылы және күн райы ашық болжанады. Күндізгі сағаттарда ауа 25...33 градусқа дейін жылыйды.
Ұзақ мерзімдік болжамға сәйкес, еліміздің солтүстік бөлігіндегі жауын-шашынмен (жаңбырдың жылбысқы қарға ұласуы мүмкін) және түнгі үсікпен кезекті екі суыту толқыны айдың ортасы мен үшінші онкүндікке келеді. Қалған күндерде ауа температурасының күндіз 15...25 градус жылыға дейін қысқа мерізмге жоғарылауы болжанады.
Нәтижесінде Қазақстан территориясының басым бөлігінде орташа айлық ауа температурасы климаттық нормаға жуық, Алматы, Жамбыл, Түркістан облыстарының кей жерлерінде 1°С нормадан жоғары, Солтүстік-Қазақстан және Қостанай, Ақмола, Павлодар облыстарының кей жерлерінде 1°С нормадан төмен болжанады.
Территорияның басым бөлігінде климаттық нормаға жуық, Қызылорда, Түркістан, Жамбыл облыстарында және Алматы облысының басым бөлігінде нормадан аз айлық жауын-шашынның мөлшері күтіледі.
Қыркүйек айына арналған болжамының ықтималдығы 20-80 % құрайды
Айта кетейік, синоптикалық жағдайдың өзгеруіне қарай консультативтік болжам айтарлықтай түзетулерге ұшырауы мүмкін.
31 тамыз 2019 ж. 634 0