Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 31 газет

20 сәуір 2024 ж.

№ 30 газет

16 сәуір 2024 ж.

№ 29 газет

13 сәуір 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
» » Тамыздың алғашқы күні көп өңірде дауыл тұрады

Тамыздың алғашқы күні көп өңірде дауыл тұрады

Тамыздың 1-інде еліміздің көп бөлігінде ауа райы құбылмалы болады, жаңбыр жауып, жел күшейеді, дауыл тұрады, тұман түседі, кей жерде бұршақ жаууы мүмкін. Батыс пен солтүстік-батыста нөсер жауады. Оңтүстік пен шығыста күн ашық болады. 
“Қазгидромет” кәсіпорны синоптиктерінің болжамына қарағанда бейсенбіде Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан облыстарында жел екпіні 23-28 м/с-ке дейін күшейіп, дауыл тұрады, бұршақ жауады, Батыс Қазақстан облысында толассыз жаңбыр жауады, Солтүстік Қазақстан облысында тұман түседі. Қызылорда, Атырау, Ақтөбе, Қостанай, Ақмола облыстарында 23-25 м/с жел соғып, дауыл тұрады, Атырау, Қостанай, Ақмола облыстарында сонымен бірге бұршақ жаууы мүмкін.
Алматы, Павлодар, Түркістан, Маңғыстау, Қарағанды, Жамбыл облыстарында 15-20 м/с жел соғады, Жамбыл, Павлодар облыстарында бұршақ жауады, Қарағанды облысында дауыл тұрады, Маңғыстау облысында тұман түседі.
Ақмола, Жамбыл, Қызылорда, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарының басым бөлігінде, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды облыстарының кей жерінде қатты ыстық болады. Қызылорда облысында температура 42 градусқа дейін көтеріледі. Нұр-Сұлтанда сынап бағанасы 35 градус ыстықты, Алматыда 36 градус, Шымкентте 38 градус ыстықты көрсетеді.
Қызылорда, Түркістан, Жамбыл, Алматы, Қарағанды, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан облыстарында өрт қаупі күшейеді.


baribar.kz
01 тамыз 2019 ж. 478 0