Топ-баннер
Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№17 газет

03 наурыз 2026 ж.

№16 газет

28 ақпан 2026 ж.

№15 газет

24 ақпан 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Қазақстанға Өзбекстаннан көшіп келушілер көп

Қазақстанға Өзбекстаннан көшіп келушілер көп

Kyzylorda-news.kz. Биылғы жылдың алғашқы алты айында Қазақстан аумағына 7000-ға жуық қандас көшіп келген, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің дерегіне сүйенсек, жарты жылдың ішінде шетелден елімізге 6796 адамнан тұратын 4244 отбасы көшіп келген. Көш басында Өзбекстан қазақтары тұр. Аталмыш елден 6 айда 2355 отбасы, яғни, 3800 адам қоныс аударған. Қытайдан 1553 мүшесі бар 1005 отбасы тарихи отандарына оралған. Белсенді елдердің үштігін Түрікменстан түйіндеп тұр. Бұл елден 532 адамнан тұратын 282 жанұя көш бағытын Қазақстанға бұрған.
Сондай-ақ, Моңғолиядан 402 қазақ, Ресейден 145 қазақ, Ираннан 62 қазақ, Қырғыз Республикасынан 46 қазақ, Тәжікстаннан 11 қазақ, Түркиядан 3 қазақ, өзге де шет мемлекеттерден 239 қазақ Қазақстанға көшіп келген.
22 шілде 2019 ж. 773 0