Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№27 газет

14 сәуір 2026 ж.

№26 газет

11 сәуір 2026 ж.

№ 25 газет

07 сәуір 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930 
» » ЫҚПАЛДАСТЫҚ ЫМЫРАСЫ

ЫҚПАЛДАСТЫҚ ЫМЫРАСЫ

Мемлекет басшысы Дүниежүзілік банктің вице-президенті Сирил Мюллермен кездесті, – деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз қызметі. Кездесу барысында Дүниежүзілік банктің Қазақстандағы алдағы жылдарға арналған жоспарлары талқыланды.
Сирил Мюллер Қасым-Жомарт Тоқаевқа әртүрлі сектордағы ынтымақтастықтың қорытындылары, соның ішінде, ауыл шаруа­шылығы, жаңа технология және жасанды интеллект сала­ларындағы бірлескен жобалардың жүзеге асырылуы жөнінде мәлімет берді.
Сонымен қатар, мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттыру және халыққа көрсетілетін мемлекеттік қызмет салаларындағы өзара ықпалдастық мәселелері қарастырылды.
Дүниежүзілік банк тікелей шетелдік инвестициялар тарту бойынша Қазақстанды Орталық Азиядағы көшбасшы ретінде мойындайды және осы бағытта елімізге одан әрі жан-жақты қолдау көрсетуге, сондай-ақ, өңірлік кооперацияның дамуына септігін тигізуге ниетті.
20 шілде 2019 ж. 624 0