24 маусым күні солтүстікте тұман түсіп, батыста аптап ыстық болады
Синоптиктер 24 маусым күнгі ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.
Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты республиканың басым бөлігінде кей жерлерде найзағай жарқылдап, жаңбыр жауады. Жел күшейеді. Бұршақ жаууы ықтимал.
Солтүстікте тұман түседі, тек Қазақстаның батысын мен оңтүстігінде жауын-шашын болмайды, күн ашық.
Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде жел күші - 15-20, түнде екпіні - 23 м/с. Тұман түсіп, күн күркірейді. Бұршақ жаууы мүмкін.
Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде найзағай жарқылдап, желдің күші 15-20 м/с жетеді. Бұршақ жаууы мүмкін. Қарағанды облысында дауыл тұрады. Павлодар облысының кей жерлерінде найзағай, тұман күтіледі, желдің күші найзағай кезінде - 18 м/с.
Ақмола облысының кей жерлерінде күн күркіреп, дауыл тұрады. Желдің күші - 15-20 м/с. Күндіз бұршақ жаууы мүмкін.
Қостанай облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, күндіз желдің күші 15-20 м/с жетеді. Алматы, Түркістан облыстарының кей жерлерінде желдің күші - 15-20 м/с.
Алматы облысында найзағай жарқылдайды. Күндіз Ақтөбе облысында қатты, кей жерлерде өте қатты ыстық сақталады.
Күндіз Алматы, Қызылорда облыстарында аптап ыстық күтіледі. Атырау, Маңғыстау, Батыс Қазақстан облыстарында күндіз аптап, кей жерлерінде өте қатты ыстық болады.
Маңғыстау, Атырау, Түркістан, Батыс Қазақстан, Қызылорда, Ақтөбе, Қостанай, Алматы облыстарында жоғары өрт қаупі сақталады.
www.inform.kz