Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Сейсенбіге арналған ауа райы болжамы

Сейсенбіге арналған ауа райы болжамы

«Қазгидромет» РМК 11 маусымға арналған ауа райы болжамын ұсынады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазақстанның басым бөлігінде найзағай жарқылдап, жаңбырлы құбылмалы ауа райы сақталады. Тек республиканың батысында - ауа райы жауын-шашынсыз болады.

Республика бойынша кей жерлерде найзағай, желдің күшеюі, дауыл күтіледі, бұршақ жаууы ықтимал. Алматы, Жамбыл, Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде дауыл, желдің 15-23 м/с күшеюі күтіледі, бұршақ жаууы ықтимал.

Шығыс Қазақстан облысында, күндіз Түркістан, Қостанай, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде желдің 15-20 м/с күшеюі, түнде және таңертең Қарағанды облысының  кей жерлерінде тұман түседі. Түнде Павлодар облысының кей жерлерінде тұман болады. Батыс Қазақстан, Атырау, Ақтөбе, қостанай, Қарағанды Түркістан облыстарының кей жерлерінде жоғары өрт қауіпі сақталады. 

www.inform.kz

11 маусым 2019 ж. 359 0