Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » "Мұсылман болуға бел будық": Нұр-Сұлтанда 400 жуық ұл сүндетке отырды

"Мұсылман болуға бел будық": Нұр-Сұлтанда 400 жуық ұл сүндетке отырды

Нұр-Сұлтанда аз қамтылған және көпбалалы отбасылардың ұлдары жаппай сүндеттеліп жатыр. Тіпті, ол үшін Елордаға еліміздің өңір-өңірінен мықты хирургтар жиналған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеп. 

Осылайша, екі күнге жалғасатын «Сүндет-2019» шарасы аясында 400-ге жуық баланы тегін сүндетке отырғызу жоспарланған. Негізі медициналық мекемелерде мұндай қызмет құны шамамен 25-30 мың теңге. Сондықтан мүмкіндікті құр жібермей, 3 пен 7 жас аралығындағы баласын ерте келген ата-аналардың қарасы қалың. Ал, екі күннен кейін сүндеттеу қызметі қайтадан ақылы болмақ.

"Өзіміз бұрын қорқып жүргенбіз кестіргенге. Осындай шара жөнінде естіп мұсалман болуға бел будық. Қолдары жеңіл екен. Рақмет айтамын", - деп алғысын жаудырды ата-аналар. 

stan.kz
08 маусым 2019 ж. 626 0