Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 40 газет

31 мамыр 2025 ж.

№ 39 газет

27 мамыр 2025 ж.

№38 газет

24 мамыр 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30 
» » Бұршақ, дауыл, екпінді жел – Сәрсенбіге ауа райы болжамы

Бұршақ, дауыл, екпінді жел – Сәрсенбіге ауа райы болжамы

15 мамыр күні атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты, кей жерлерде жауын-шашын күтіледі. Оңтүстік-шығыста қатты жаңбыр жауады, солтүстікте жене онтүстік-шығыста ауа райы жауын-шашынсыз болады. Республиканың кей жерлерінде жел күшейіп, найзағай күтіледі, бұршақ жаууы мүмкін, дауыл соғады. Оңтүстікте - шаңды дауыл, солтүстікте және солтүстік-батыста тұман болжанады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазгидромет» РМК мәліметінше, Қарағанды облысының кей жерлерінде дауыл күтіледі, бұршақ жаууы мүмкін, желдің екпіні 23-28 м/с артады.  Ақтөбе облысының кей жерлерінде күндіз дауыл болады, бұршақ жаууы ықтимал, жел 15-20 м/с күшейеді.

Қостанай облысында түнде және таңертең кей жерлерінде тұман болжанады, түнде жел күшейеді, күндіз оның екпіні 15-20 м/с артады.

Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде күндіз дауыл күтіледі, бұршақ жаууы мүмкін, желдің күші 15-20 м/с жетеді.

Павлодар, Жамбыл, Түркістан, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, түнде Алматы, күндіз Қызылорда облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді. Қызылорда облысында шаңды дауыл тұрады.

Маңғыстау облысында дауыл, Батыс  Қазақстан облысында бұршақ жаууы мүмкін.

Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі, Ақмола облысында жел 15-20 м/с күшейеді.
Атырау облысының кей жерлерінде бұршақ жаууы мүмкін.

Қызылорда облысында өте жоғары өрт қаупі күтіледі.

15 мамыр 2019 ж. 1 062 0