Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№92 газет

02 желтоқсан 2025 ж.

№91 газет

29 қараша 2025 ж.

№90 газет

25 қараша 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
» » Синоптиктердің 6 мамыр күнгі ауа райы болжамы

Синоптиктердің 6 мамыр күнгі ауа райы болжамы

6 мамырда атмосфералық ағындардың  өтуіне байланысты республиканың батысында жауын-шашын болады. Сондай-ақ республиканың кей жерлерінде тұман түсіп, желдің күшеюі, найзағай, дауыл, бұршақ жаууы мүмкін, деп хабарлайды ҚазАқпарат »Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.

Қызылорда облысының кей жерлерінде шаңды дауыл күтіледі, түнде кей жерлерде, күндіз басым бөлігінде, жел     15-20 м/с, күндіз кей жерлерінде 25 м/с күшейеді.

Атырау облысының кей жерлерінде найзағай, дауыл, желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді, бұршақ жаууы мумкін.

 Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай жарқылдап, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді, бұршақ түсуі ықтимал.
 Жамбыл, Түркістан, Маңғыстау, Қостанай, күндіз Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде жел тұрып, жылдамдығы  15-20 м/с жетуі мүмкін, Маңғыстау, Жамбыл облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі.

Ақмола, түнде Алматы облыстарының кей жерлерінде тұман түседі.
06 мамыр 2019 ж. 572 0