Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№27 газет

14 сәуір 2026 ж.

№26 газет

11 сәуір 2026 ж.

№ 25 газет

07 сәуір 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930 
» » Бейсенбі күні еліміздің басым аймағында тұрақсыз ауа-райы сақталады

Бейсенбі күні еліміздің басым аймағында тұрақсыз ауа-райы сақталады

Кей жерлерде тұман, желдің күшеюі, дауыл, бұршақ түсіп, батыс өңірде – шаңды дауыл күтіледі.

Қазақстанның басым аумағында атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты жауын-шашын түседі, тек солтүстікте, солтүстік-батыста және оңтүстік-батыста – ауа райы жауын-шашынсыз болады, деп хабарлайды Zakon.kz"Қазгидромет" РМК сілтеме жасап.

Кей жерлерде тұман, желдің күшеюі, дауыл, бұршақ түсіп, батыс өңірде – шаңды дауыл күтіледі.

Жамбыл, Түркістан, Алматы, Шығыс Қазақстан, күндіз Қызылорда облыстарының кей жерлерінде найзағай, жел 15-20 м/с күшейеді, бұршақ жаууы мүмкін.

Алматы, Жамбыл, түнде және таңертең Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі.

Ақтөбе облысында кей жерлерде жел 18 м/с күшейеді. Атырау облысының басым бөлігінде күндіз жел 15-20 м/с күшейіп, күндіз кей жерлерінде шаңды дауыл көтерілуі мүмкін.

Қарағанды облысының кей жерлерінде тұман түсіп, жел күшейеді, бұршақ жаууы ықтимал.
Ақмола, Қостанай облыстарында кей жерлерде тұман күтіледі.

kyzylorda-news.kz
02 мамыр 2019 ж. 661 0