Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстандағы президент сайлауына Ермұрат Бәпи үміткер ретінде ұсынылды. Журналист бас тартты

Қазақстандағы президент сайлауына Ермұрат Бәпи үміткер ретінде ұсынылды. Журналист бас тартты

ЖСДП жұма күні өткен съезде алдағы президент сайлауына Ермұрат Бәпидің кандидатурасын ұсынды. Алайда журналист сайлауға түсуден бас тартты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

«Съездің ұсынысын естідім. Менің ойымша, үміткерлердің арасында болып, бұл сайлауға легитимділік берудің қажеті жоқ. Өз кандидатурамды ұсынудан бас тартамын», - дейді Бәпи.

Ермұрат Бәпи –тәуелсіз журналист. 1959 жылы 7 наурызда ШҚО Зайсан ауданының Қарабұлақ аулында дүниеге келген. Түрлі уақыттарда DAT басылымының басқарушысы, «СолDАТ» газетінің бас редакторы, Қазақстанның кәсіпкерлер және өнеркәсіп иелері одағының президентінің кеңесшісі, Қазақстан үкіметінің баспасөз қызметінің басшысының орынбасары қызметтерін атқарған.
 
2016 жылы Жалпыұлттық социал-демократиялық партия атынан мәжіліс депутаттығына үміткер болған.
 
26 сәуір 2019 ж. 920 0