Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 31 газет

20 сәуір 2024 ж.

№ 30 газет

16 сәуір 2024 ж.

№ 29 газет

13 сәуір 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
» » 16 сәуірде ел өңірінің басым бөлігінде жаңбыр жауып, жел күшейеді

16 сәуірде ел өңірінің басым бөлігінде жаңбыр жауып, жел күшейеді

16 сәуірде атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты республиканың оңтүстігі мен батысында кей жерлерде қатты жаңбыр жауып, тек солтүстік-батыста ғана жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК-на сілтеме жасап.

Жамбыл облысының кей жерлерінде күн күркіреп,найзағай ойнауы ықтимал, тұман, бұршақ,  түнде жел 15-20 м/с күшейеді.  

Түркістан облысының кей жерлерінде бұршақ жауып, желдің күші 15-20 м/с жетуі ықтимал. Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман түседі, күндіз көктайғақ, жел 15-20, кей жерлерінде екпіні 23 м/с күшейеді. Ақмола, Павлодар, облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, жел тұрып, жылдамдығы15-20 м/с жетеді.  

Қостанай облысының кей жерлерінде тұман, желдің күші 15-20 м/с. Алматы облысының кей жерлерінде найзағай күтіледі, жел 15-20 м/с күшеюі күтіледі. Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде жел 15-20, түнде екпіні 25 м/с жетуі мүмкін. Қызылорда, Ақтөбе, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі.

www.inform.kz
16 сәуір 2019 ж. 477 0