Тіршілік тынысы Сырдария аудандық қоғамдық-саяси газет

PDF нұсқалар мұрағаты

№ 90 газет

19 қараша 2019 ж.

№ 89 газет

16 қараша 2019 ж.

№ 88 газет

12 қараша 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » Нұр-Сұлтанда ғарыш күніне арналған көрме ашылды

Нұр-Сұлтанда ғарыш күніне арналған көрме ашылды

Ғарыш жетістіктеріне арналған көрме қаланың мемлекеттік мұрағатында жұмыс істеуде, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Экспозицияда белгілі кеңестік және қазақстандық ғарышкерлердің фотосуреттері, ғарышқа ұшулар туралы ескі газеттердің материалдары, жердің алғашқы жасанды серігінің макеті қойылған. Филателист Валерий Семенов Юрий Гагариннің алғашқы ұшуына арналған маркалардың бірегей топтамасын ұсынды. Көрмені алғашқы болып  астаналық мектеп оқушылары мен ЖОО студенттері тамашалады.
 
«Ғарышкерлер күні қарсаңында біз ғарыш туралы қызықты экспозицияны ұсындық. Мұнда газеттердің түпнұсқалық даналарын, жеке дереккөздерден алынған фотосуреттерді, түрлі көрнекі материалдарды, пошта маркаларын және т.б. көруге болады. Алдағы уақытта біз мұрағат құжаттарының көрмесін өткізуді және оған жас ұрпақты тартуды жоспарлап отырмыз. Осылайша, біз ел тарихының барлық қырлылығы мен әсемдігін көрсеткіміз келеді», – деп атап өтті астаналық мемлекеттік мұрағатының директоры Мейрам Бектембаев. 

Экспозицияны «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК АҚ қолдауымен Нұр-Сұлтан қаласының мемлекеттік мұрағаты ұйымдастырды. Қаланың мемлекеттік мұрағатындағы көрме 13 сәуірге дейін жұмыс істейді.

egemen.kz
11 сәуір 2019 ж. 180 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам