Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№92 газет

02 желтоқсан 2025 ж.

№91 газет

29 қараша 2025 ж.

№90 газет

25 қараша 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
» » 8 сәуір күнгі ауа райы болжамы

8 сәуір күнгі ауа райы болжамы

8 сәуір күні атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты республиканың батыс және оңтүстігінде жаңбыр жауады. Еліміздің қалған аумағында жауын-шашынсыз күн райы күтіледі. Кей жерлерде тұман мен екпінді жел сақталады. Оңтүстікте найзағай ойнап, бұршақ жаууы ықтимал, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазгидромет» РМК-ның мәліметіне сәйкес, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Қостанай, Павлодар, Қарағанды, түнде Алматы, Атырау, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі.Жамбыл облысының жекелеген аумақтарында тұман, желдің екпіні 15-23 м/с күшеюі күтіледі.
Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерін түнде тұман басып, күндіз желдің жылдамдығы 15-20 м/с артатыны болжанады.

Қызылорда облысының кей жерлерінде жел 15-23 м/с күшейіп, шаңды дауыл күтіледі.
Күндіз Ақтөбе облысының кей жерлерінде желдің күші 16 м/с артуы мүмкін.
Түркістан облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейіп, күндіз найзағай, бұршақ жаууы ықтимал.





08 сәуір 2019 ж. 916 0