Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Оңай маска: теріде дақ болмайды

Оңай маска: теріде дақ болмайды


✅ Бет пен қол терісінде қара дақтардың пайда болу себептері көп: денсаулық, күннің көзі, күтімнің болмауы, ас мәзірі, т.б. Тиісінше, сол дақтардан арылу жолдары да аз емес. Десе де, түрлі косметикадан гөрі табиғи өнімдерден дайындалған маскалардың пайдасы көбірек болмақ. Әрі соңғыларының қалтаға да көп салмақ түсірмейтінін ескерсек, неге жасап көрмеске? 

✅ Масканы жасауға: 

1 ас қасық лимон шырыны 
1 ас қасық айран 
1 ас қасық бал керек. 

✅ Барлығын жақсылап араластырып, бетіңізге (немесе қолыңызға) жағыңыз. 15 минуттан кейін жылы сумен жуып, нәрлендіретін крем жаққан дұрыс. 
Нәтижеге тезірек қол жеткізу үшін масканы аптасына 2-4 рет жасаңыз.
31 наурыз 2019 ж. 1 431 0