Масаларға қарсы 10 иіс
Жазда таза ауада барынша ұзақ жүргің келеді, саябақта демалғың келеді, көкке жатып, жайқалған гүлдердің хош иісіне бөленгің келеді.
Ванилин
Ванилинді балалар кремімен 1:10 пропорцияда араластырып, дененің ашық бөліктеріне жағу керек. Сонымен қатар ванелинді суға араластырып, ерітіндіні тері мен киімнің ашық жерлеріне сепсе болады.
Әніс, қалампыр, насыбайгүлдің эфир майлары
Қалампыр, насыбайгүл, әніс, эвкалипт эфир майлары масаларды үркітуге көмектеседі. Ол үшін майларды дененің ашық жерлеріне жағып (бір стақан суға 5-10 тамшы) немесе отқа – шаққа, алауға, хош иіс шығаратын шамға немесе қыздырылған табаға тамызып жіберу керек. Бұған қоса мақтаны осы майларға батырып, терезенің алдына қойып қойса болады.
Аю бадамның бұтағы
Аю бадамының жас шыбығын бөлмеге қойып қойыңыз – олар қызанақ жапырағының иісі сияқты масаларды үркітеді. Алайда абай болыңыз, аю бадамының өткір иісі ұйқыңызға кедергі келтіруі мүмкін, сондықтан түнде бұтағын жатын бөлмеден шығарып тастау керек.
Қалампыр
Бір стақан суға 5 г қалампыр салып, 15 минут қайнатыңыз. Қайнатпаның 10 тамшысын 1 үлкен қасық кез келген әтірмен араластырып, дененің ашық жерлеріне жағыңыз. Осылайша 2 сағат бойы қыдыруға болады: масалар мен шіркейлер сізге жоламайтын болады.
Арша бұтақтары
Егер көкке демалуға шықсаңыз, алауға арша бұтақтарын тастай салыңыз.
Балқарағай майы
Балқарағай майының иісі масаларды ғана емес, шыбындар мен тарақандарды да үркітеді.
Жусан қайнатпас
Жусан тамырының қайнатпасымен бетіңізді жусаңыз, бірде бір маса тиіспейді. Шабылған тамырлардың бір уысына 1,5 л су құйып, қайнату керек те 20-30 минутқа қойып қою керек.
Түймедақ
Масаларға қарсы ежелгі халық тәсілі – парсы, далматтық немесе кавказдық түймедақ (пиретрум деген де сол). Түймедақтың осы түрінің кептіріліп, ұсақталған гүлшоғырлары, сабақтары мен жапырақтары жәндіктердің жүйке жүйелеріне әсер етеді. Пәтер немесе үйдің бұрыштарына осы гүлдің сабақтарын қойып қойса жеткілікті.
Бидайық қайнатпасы
Ертеде масалар мен басқа да қан соратын жәндіктерді үркіту үшін ең көп таралған арамшөп – бидайық тамырының қайнатпасын қолданған. Шабылған бидайық тамырының бір уысына 1,5 л су құйып, ашық сары түске боялғанша 3 рет қайнатыңыз. Осы қайнатпамен бетіңіз бен қолыңызды жуыңыз, бірде бір маса жоламайтын болады.
Насыбайгүл жапырақтары
Ұсақтап туралған жас мойыл немесе насыбайгүл жапырақтарын қолдануға болады – бөлмеге қойып қоюға немесе дененің ашық жерлеріне жағуға болады.