Жаңақорғанда сиыр үш бұзау туды
Қызылорда облысы Жаңақорған ауданына қарасты Бірлік ауылының тұрғыны Әлімхан Данияровтың сиыры бірден үш бұзау туды. Бұл - сирек кездесетін құбылыстың бірі, деп хабарлайдыҚазАқпарат тілшісі.
Әлімхан Данияров мал өсірумен айналысады. Биыл қара сиыры бірден үш бұзау туып, елді таңырқатып отыр. Қазақ халқының тыныс-тіршілігінде мұндай жағдай кездесіп жатады. «Бұзаулардың жағдайы қалыпты болды. Екеуі бірден-ақ аяғынан тұрып кетті, үшіншісіне еміздік арқылы сүт бердік», - деді Әлімхан Данияров. Қазақ халқында малдың амандығы үшін артық туғанын жақын-жуығына таратып беретін ырым бар. Ауыл тұрғыны да осындай ырымға сүйеніп, таныстарына екі бұзауды үлестірді. Бұл жағдай жергілікті ветеринария мамандарын да таңғалдырып отыр. Мұндай жағдай Қызылорда облысында алғаш рет тіркеліп отырған жоқ. 2013 жылдың қараша айында Шиелі кентінде де сиыр үш бұзау туған еді. Сондай-ақ, екі жылдай бұрын әлеуметтік желіде елімізде төрт бұзау туған сиыр туралы видео таралған болатын.