Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » 1 наурызға арналған ауа райы болжамы

1 наурызға арналған ауа райы болжамы

1 наурызда Қазақстанның басым аумағында атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты құбылмалы ауа райы сақталады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазгидрометтің хабарлауынша, кей жерлерде жауын-шашын болып, республиканың солтүстігінде көбінесе қар түрінде, тек республиканың оңтүстік-шығысында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.

Республиканың кей жерлерінде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын, желдің күшеюі күтіледі.

Алматы облысының Жалаңашкөл ауданында желдің жылдамдығы 18-23, күндіз екпіні 29 м/с жетеді.

Шығыс-Қазақстан облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын, тұман, көктайғақ күтіледі, жел 15-20 м/с, Жарма ауданында жел 25 м/с күшейеді.
 
Ақмола, Жамбыл, Түркістан облыстарының кей жерлерінде жаяу бұрқасын болып, күндіз жел 15-20 м/с жылдамдықпен соғады.

Қызылорда, Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі.
 
Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болып, желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.

Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Павлодар облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді. 

01 наурыз 2019 ж. 538 0