Астанадағы қазаның орнын басты: Шымкентте бесем өмірге келді
Шымкентте бесем өмірге келді. Көпшілік бұндай жаңалықты Астанадағы бес баланың өлімінен соң қуанышпен қабылдады.
Бұл жаңалықты 31 арнаның тілшісі Ирина Советжанқызы хабарлады. Ол сүйінші хабарды желідегі парақшасында жазды.
“Аллаға шүкір! Шымкентте бесем дүниеге келіпті. Тфә-тфә! Алланың құдыреті шексіз!”, – деп жазады ол.
Астанадағы бес баланың өлімі барша қазақстандықтарды есеңгіретіп тастады. Қазадан кейінгі сүйінші хабарды көпшілік жақсылыққа балап жатыр.
Бұл туралы өнер адамдары да жазып, қуанышпен бөлісті.
“Қазағымның жапырағы жайылып, тамыры тереңге тартсын!!! Шымқалада туылған бесем!!! Лайк басқан,коммент жазған адамға лайымда жұғысты болсын!!!”, – деп жазды әнші Тамара Асар.
“Сол бес періштенің қалган өмірін осы бес періштеге берсінша Алла, өмірлері ұзақ болсын аман есен үлкен ұл қыздар болсын түфай түфай”, “Ой Алла, 5 періштенің орнына келгендей Аллах ұлық”, “Бауы берік болсын бүкіл Қазақстан халқына жұғысты болып, демографиямыз көтерілсін лайым!”, деп жазды желідегілер.
stan.kz