Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Елімізде жетімдер үйі болмау керек – Назарбаев

Елімізде жетімдер үйі болмау керек – Назарбаев

 Бүгін «Нұр әлем» көрме кешенінде Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен Жастар жылының ашылу рәсімі өтті. «Тәуелсіздіктің ұрпақтары» деп аталатын салтанатты шарада еліміздің бетке ұстар жастары бас қосып, сөз сөйледі.

Одан кейін Мемлекет басшысы сөз алып, бірқатар ұсыныс жасады. Бұған қоса, жастарға ақыл-кеңесін айтты.

«Баласын жетімдер үйіне беру деген қазақта болған жоқ. Бізде, Қазақстанда жетімдер үйі болмау керек. Жетімдер үйіндегі балаларды асырап алу қажет. Ол адамға да, Аллаға да жағатын нәрсе», - деді Елбасы.

«Қазір жассыңдар, өмір ұзақ боп көрінеді, мың жыл. Менің жасыма келгенде білесіңдер. Қазақ «Ғұмырым - қамшының сабындай ғана» деп айтады ғой. Зу етіп өтіп кеткенін білмейсіңдер. Бұл өмір тез өтеді. Сондықтан, ана мамандық, анаған-мынаған десең, бәрін өткізіп аласың. Бір мамандықты алып, соны түбіне дейін жеткізіп, сол кәсіптің қызығын көру керек. Басқаға уақытың жетпейді», - деп кеңес берді Нұрсұлтан Назарбаев.

Бұған дейін де Президент бірнеше рет қарттар мен жетімдер мәселесін көтерген болатын.

Бүгін «Нұр әлем» көрме кешенінде ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен Жастар жылы салтанатты түрде ашылды.

 Жас кәсіпкер Расул Абдуллаев елімізді ребрендинг жасайтын ұйым құруды ұсынды.

«Тәуелсіздіктің ұрпақтары» атаумен өтіп жатқан салтанатты шараға бас қосқан белсенді жастардың бірі Тамила Розметова Астанада алма бағын отырғызатынын айтты.

Атап өтсек, моңғолиялық қандасымыз қазір елордалық мектепте білім алып жатыр. Бұған дейін құсбегілік өнерін әлемге танытқан бүркітші қызбен сұхбаттасып, Елбасымен кездесу алдындағы көңіл-күйін сұрастырған едік.

Қазақты әлемге танытқан бүркітші қыз Айшолпан Нұрғайыпқызы Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевты Моңғолияға шақырды.

Wikibilim қоғамдық қорының жетекшісі, «Ұлттық аударма бюросы» қоғамдық қорының атқарушы директоры Рауан Кенжеханұлы ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен өтіп жатқан Жастар жылының ашылу салтанатында Астана ашық университет жобасын таныстырды.

Жиында жастарды тыңдаған Мемлекет басшысы «сөзді тоқтатпай, айта берсін деген ой келді» деді. Елбасы Жастар жылының маңыздылығын атап өтті.

ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарабев бүгінгі жастармен кездесуінде жеңіл өнеркәсіп саласына назар аударды.

Нұрсұлтан Назарбаев Астана, Алматы және Шымкентте жұмыс істейтін жастар үшін жылына бір мыңнан кем емес пәтер салуды тапсырды.

Нұрсұлтан Назарбаев жастармен кездесуде «Бизнестің жол картасы-2020» аясында жас кәсіпкерлер үшін гарант бойынша бөлінетін қаржы көлемін екі есеге арттыруды тапсырды.

Сондай-ақ, Елбасы волонтер студенттердің шәкіртақысын көтеруді тапсырды.

23 қаңтар 2019 ж. 1 051 0