Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі 38 мың адамның баспана мәселесін шешті
Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі 2018 жылы 38 мыңнан астам адамға баспана алуға заем берді. Бұл туралы бүгін Үкімет үйіндегі баспасөз мәслихатында банктің басқарма төрағасы Ләззат Ибрагимова айтты.
2018 жылы біздің банк арқылы күн сайын 100-150 адам баспана мәселесін шешіп отырды. Жалпы өткен жыл біздің банк үшін рекордтық жыл болды. Банк 38 250 заем берді. Бұл – 38 мыңнан астам қазақстандық баспаналы болды деген сөз. Әр төртінші заем “Нұрлы жер” мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасы бойынша берілді,- деді ол.
Оның айтуынша, “Нұрлы жер” бағдарламасы арқылы үш жылдың ішінде 100 миллиард теңгенің заемы берілген. Бұл ретте 2018 жылы банктің 8 659 салымшысы мен кезекте тұрған азаматтар қоныс тойын тойлады.
Қазіргі уақытта қоржынымызда 1 миллион 200 мыңнан астам депозит бар. 150 мыңнан астам салымшы – жергілікті атқарушы органдарында кезекте тұрған азаматтар, – деді Ләззат Ибрагимова.
baribar.kz/