Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Елімізде зейнетақы өсті

Елімізде зейнетақы өсті


ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Мәдина Әбілқасымова бұған дейін Қазақстанда зейнетақыны индекстеу Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша жылдың басында жүзеге асырылатындығын айтқан.

Оның айтуынша, зейнетақы индексі инфляциядан 2 пайызға алға жүреді және бұл көрсеткіш биыл 9 пайызға жеткен. 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап, индекстеу қосымша инфляция деңгейінде жүргізіліп, оның үстіне 2 пайыздық мөлшер қосылады. Ал базалық зейнетақының жаңа форматы оны 67% көтеру дегенді білдіреді. 

«1 млн-ға жуық зейнеткер базалық зейнетақыны ең төменгі өмір сүру көрсеткішінен 100 процент көлемінде ала бастады. Яғни, базалық зейнетақы олар үшін екі есеге артты. Жалпы, зейнетақы базалық, ынтымақты және жинақтаушы болып үшке бөлінеді. Ынтымақты зейнетақыны біз инфляцияны негізге ала отырып, 2 процентке артығымен индекстейміз. Ал базалық зейнетақыны Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша орташа алғанда 67 процентке арттырдық»,-деп түсіндірді министр. 

Сондай-ақ ол қазіргі таңда Қазақстандағы зейнетақының деңгейі көршілес мемлекеттер мен ТМД-ға мүше елдердің қай-қайсысынан да жоғары екендігін атап өтті. 

«Зейнетақының орташа мөлшері 3 компонентті қоса алғанда 101 мың теңгені құрайды»,-деді ол.

baq.kz

01 қаңтар 2019 ж. 984 2

Гость JeaOrer от 14 ақпан 2019 01:14
Comprare Cialis Online Forum Kamagra United Kingdom cialis Propecia Farmacia Online

Гость JeaOrer от 5 наурыз 2019 15:18
Best Buy Worldwide Amoxicilina Cheap Kamagra Francia Cialis Sin Receta Precio buy generic cialis online Pharmacie En Ligne Cialis Generique